HAVAL H6 GT КРОСС-КУПЕСІ
Сұр GT

Әрдайым жұрттың назарында болу үшін жасалған, стильді және спорттық, жаңа купе пішінді кроссовер.

СЫРТҚЫ КӨРІНІСІ

Батыл дизайн мен технологиялардан жақсы әсер алыңыз.
ДИЗАЙН

ДИЗАЙН

Жаңа Haval H6 GT-дің динамикалық сұлбасы барлық қырынан әсерлі болып көрінеді. Модель спорттық дизайнымен, төбесінің қиғаш сызығымен және жаңа радиатор торымен ерекшеленеді, бұлар оған заманауи, аэродинамикалық және сұсты спорттық келбет береді.

АРТҚЫ БӨЛІГІ

АРТҚЫ БӨЛІГІ

Кроссовердің артқы бөлігі ең заманауи технологияларға сәйкес жасалған, жолда жоғары тұрақтылықты және екпіндеуді қамтамасыз ететін екі аэродинамикалық спойлері бар. Haval H6 GT-дің тиімділігі жоғары ерекше жарықдиодты шамдары пайда болды.

ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРАЛАР

ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРАЛАР

Жарықтығы жоғары автоматты матрицалы жарықдиодты фаралар тәуліктің қараңғы мезгілінде қауіпсіз және жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді.

АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ

АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ

Автокөліктің акуланың қанаттарына ұқсаған алдыңғы бөлігі мен акуланың тістері стиліндегі тор көзді тор автокөлікке сұсты спорттық көрініс береді.

СПОРТТЫҚ СПОЙЛЕР

СПОРТТЫҚ СПОЙЛЕР

Спорттық артқы спойлер ауа ағынының бөлінуін реттейді және қозғалыс кезіндегі тұрақтылықты арттыра отырып, жерге қарай басу күшін ұлғайтады.

ИНТЕРЬЕР

ПАНОРАМАЛЫ ТӨБЕ

ПАНОРАМАЛЫ ТӨБЕ

Екі секциялы панорамалы төбе сапардан жарқын әсер алуды қамтамасыз ете отырып, автокөлік салонын анағұрлым жайлы және кең етеді.

АТМОСФЕРАЛЫҚ КӨМЕСКІ ЖАРЫҚ

АТМОСФЕРАЛЫҚ КӨМЕСКІ ЖАРЫҚ

Түсін таңдау мүмкіндігі бар салонның атмосфералық көмескі жарығы жеке дара стиліңізді айшықтап көрсетуге көмектеседі.

ЖҮКСАЛҒЫШ

ЖҮКСАЛҒЫШ

555 литрлік жүксалғыш көлемімен алыс саяхаттарға арналған барлық қажетті жабдықтар мен жүкті сенімді түрде жинап сала аласыз.

ЖАЙЛЫ ИНТЕРЬЕР

ЖАЙЛЫ ИНТЕРЬЕР

HAVAL H6 GT салонының стилі мен ерекше жайлылығы сізді бейжай қалдырмайды. Интерьердің барлық элементі бүге-шігесіне дейін ойластырылған және жүргізуші мен жолаушыларға барынша жайлы жағдайлар туғызады.

АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕКТРЛІ РЕТТЕГІШІ

АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕКТРЛІ РЕТТЕГІШІ

Жүргізуші орындығының 10 электрлі реттемесі, жылытқышы және желдеткіші бар. Алдыңғы жолаушы орындығында да жылытқыш, желдеткіш және 4 электрлі реттеме бар.

МУЛЬТИМЕДИА

МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

МУЛЬТИМЕДИА ЖҮЙЕСІ

Haval H6 GT мультимедиа жүйесінің ажыратымдылығы жоғары 12,3 дюймдік сенсорлы экраны заманауи дизайн мен жоғары технологияларды бағалаушылардың талғамынан шығады.

Автокөлік Apple CarPlay және Android Auto байланыстарын қолдайды.

ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

Алдыңғы әйнекке жүргізу кезіндегі жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыратын W-HUD түрлі түсті проекциялық дисплейі орнатылған.

СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ЖҮЙЕСІ

СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ЖҮЙЕСІ

Әрдайым байланыста болыңыз, бар болғаны сымсыз зарядтауды қолдайтын телефоныңызды орталық консольдегі арнайы қуысқа қойыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІ

БЕЙІМДЕЛЕТІН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

БЕЙІМДЕЛЕТІН КРУИЗ-КОНТРОЛЬ

Бейімделетін круиз-контроль жүйесі қауіпсіз қозғалу үшін автокөліктің оңтайлы жылдамдығы мен арақашықтығын сақтап отыруға мүмкіндік береді.

AEB ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

AEB ШҰҒЫЛ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ

Шұғыл тежеу жүйесі басқа көлік құралдарымен және жаяу жүргіншілермен соқтығысудан сақтануға көмектеседі, ықтимал соқтығысу туралы ескертеді.

КӨЗДЕН ТАСА АЙМАҚТАРДЫ БАҚЫЛАУ

КӨЗДЕН ТАСА АЙМАҚТАРДЫ БАҚЫЛАУ

Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі бүйірлік айналардың көріну аймағынан тыс бағыттас автокөліктердің бар-жоғын бақылайды және қозғалыс жолағын ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТҰРАҚҚА ҚОЮ

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТҰРАҚҚА ҚОЮ

Haval H6 GT автоматты түрде тұраққа қою көмекші жүйесімен жабдықталған. Сізге автокөлікті мультимедиа жүйесінің экранындағы көмекші сөздер арқылы тұрақ орнына бағыттау ғана қалады.

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ТАНУ ЖҮЙЕСІ

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ТАНУ ЖҮЙЕСІ

Жол белгілерін тану жүйесі (TSR) қауіпсіз жүргізуді қолдай отырып, аспаптар тақтасында шекті рұқсат етілген жылдамдықты көрсетеді.

DOW ЖҮЙЕСІ

DOW ЖҮЙЕСІ

Есіктерді ашқан кезде, соқтығысуды ескерту жүйесі (DOW) артқы бүйірлік радарларды қолдана отырып, автокөліктен қауіпсіз түсуді қамтамасыз етеді.

КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫ ЖӘНЕ ТРАНСМИССИЯ

ҚОЗҒАЛТҚЫШ

ҚОЗҒАЛТҚЫШ

Көлемі 2,0 литрлік, қуаты 204 а.к. және 320 Нм беретін жаңа 4N20 турбоқозғалтқышы Haval H6 GT-ді 100 км/сағ-қа дейін 9,3 секундтан аз уақытта үдетуге қабілетті.

7DCT ТРАНСМИССИЯСЫ

7DCT ТРАНСМИССИЯСЫ

7DCT қосарлы ілінісуі бар дымқыл түрлі роботтандырылған 7 сатылы беріліс қорабы классикалық «автоматтың» жайлылығы мен акселератор педаліне жоғары жылдамдықпен жауап қатуды үйлестіреді.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

Қозғалтқыш

2.0T бензин, отынды тікелей бүрку және турбоүрлеу жүйесі бар
Техникалық сипаттамалар  1998
Қозғалтқыштың максималды қуаты, а.к./кВт/айн/мин 204/155/6000-6300
Қозғалтқыштың максималды айналдыру моменті, Нм/айн/мин 320/1500-4000
100 км/сағ-қа дейін жылдамдықты үдету, с 9,3
Отын шығыны, л/100 км 10,3/7,3/8,4
Максималды жылдамдық, км/сағ 200
Экологиялық класы Еуро 5+
Отын багының көлемі, л 60
Орындар саны 5
Шанақ түрі/шанақ конструкциясы Кроссовер
Жетек түрі 4WD
Беріліс қорабы 7DСT
Алдыңғы/артқы тежегіштер Дискілі желдетілетін/дискілі
Алдыңғы аспа Тәуелсіз Macpherson
Артқы аспа Тәуелсіз екі иінтіректі
Өлшемдері (ұзындығы / ені / биіктігі), (мм) 4727 / 1940 / 1729
Дөңгелек базасы, мм 2738
Клиренсі, мм 186
Жабдықталған массасы, кг 1725/1755
Жүксалғыш көлемі, л 555
Көбірек білу